Қызылордада жастар арасында атыс болып, үш адам қайтыс болды

1351

0

Қызылорда қаласында жастар арасында атыс болып, үш адам қайтыс болды.

Оқиға 7 мамыр күні кешкі сағат 19:45-те орын алған.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің 102 кезекшілік бөліміне Титов қыстағы, Манап Көкенов көшесінің бойында орналасқан «Мейрамбек» азық-түлік дүкенінің алдында белгісіз адамды атып кеткендігі туралы хабарлама түскен.

«Жедел тергеу тобымен оқиға орнын қарау барысында М.Көкенов көшесінің бойында 1996 жылы туған Ернияз Боранбайдың аңшы мылтығымен басынан атылған және М.Көкенов көшесі №23 үйдің ауласында 1993 жылы туған Қуандық Жүсіповтың «Макаров»тапаншасымен бетінен атылған және аты-жөні анықталмаған, белгісіз азаматтың «Макаров» тапаншасымен кеудесінен атылған мәйіті анықталды. Сонымен қатар М.Көкенов көшесі №23 үйдің егесі 1975 жылы туған Қансейіт Мектепбаевтың екі аяғынан және 1999 жылы туған Аманжол Әшірметтің бір аяғынан атылған. Соңғы жедел жәрдем қызметімен Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілген. Қазіргі таңда жедел-тергеу тобымен іздестіру шаралары ұйымдастырылуда. Алған бағыт бойынша жұмыс жалғасуда. Алынған ақпарат қосымша жолданады», – делінген ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<