Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балалық шақ – әр адамның өмірінде ұмытылмас, жарқын және бақытты уақыт екені бәрімізге мәлім.
«Балалар жылы» және Қазақстан Полициясының 30 жылдығын мерекелеу аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері мен «Харекет» қайырылымдық қорының еріктісі тұрмысы төмен отбасына барып, қайырымдылық көмек көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі ана үш баласын жалғыз тәрбиелеуде. Қазіргі таңда отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Полицейлер бұл отбасына азық-түлік пен қаржылай көмек берді.
Жасақ командирі полиция полковнигі Алин Қуаныш өз құттықтауында: «Біз балаларға арналған қайырымдылық акцияларын үнемі өткізіп отырамыз. Балалар-біздің жалғасымыз, оларды қорғау міндетіміз. Балалар аман болып, денсаулықтары мықты болсын! Әрдайым жолдары ашық болып, ойлаған мақсаттары мен армандарына жете берсін!» – деді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<