Референдумды қолдау әрбір азамат үшін маңызды

623

0

          Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде оқытушы-профессорлар мен білім алушылардың қатысуымен «Референдумды қолдау әрбір азамат үшін маңызды» облыстық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесу өтті. Басқосуға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлары мен білім алушылары қатысып, ой-пікірлерін білдірді.

         Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры,  референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Жандос Базартай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының  Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева және «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы баяндама жасады.

          Жиында Ақзада Алайдарқызы конституциялық түзетулерге дауыс беру арқылы азаматтардың Жаңа Қазақстанның құруына тікелей қатысатынын айтты. Осыған орай, облыстық штаб мүшелері 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.

                                                                                      Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<