Бүгін – Шәкен ауылының тұрғындары үшін қуанышты күн. Себебі аудан орталығынан шалғай орналасқан шәкендіктер енді «Вeeline» ұялы байланыс желісін пайдаланып, жақын-жуықтарына жедел хабарласа алады.
Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асты. Қазалы ауданы бойынша бағдарлама аясында 2020 жылдың соңына дейін 4 елді мекенді Kcell және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Солардың ішінде ауданда алғаш болып Шәкен ауылдық округінің орталығына Beeline операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке (3G) қол жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<