Шағандағы шағын қожалық тәулігіне 15 тонна күріш ақтайды

764

0

Кеше Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Шаған ауылындағы «Маханбетжан» шаруа қожалығының егістік алқабына барды. Шаруа қожалығының төрағасы Ербол Бисенов егін науқанында атқарылып жатқан жұмыстарымен және алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Дала диқандары бүгінге дейін 40 гектар күріш дақылын егіп, оны суға бастырған және 17 гектар ескі жоңышқа күтімге алынған. Былтырғы жылы өз қаражаты есебінен 25 млн. теңгеге күріш ақтау цехі алынып, тәулігіне 15 тонна күріш ақтайды.

Сонымен қатар наубайхана жұмысын үйлестіріп, күніне 300-350 дана нан өндіруді қолға алуда. Алдағы уақытта мал бордақылау және мал сою алаңын ашу жоспарда. Жалпы қожалықта 13 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<