Шаруашылық аяқсу арналарын аршуға техника бөлді

985

0

Жалағаш ауданының Ақсу ауылындағы «Сәрке батыр» ЖШС ұжымы көктемгі егін науқанына дайындықты күшейтті. Осы жылы «Сәрке батырлықтар» 1200 гектар алқапқа Сыр салысын себуді жоспарлап отыр. Былтыр шаруашылық тек «Янтарь» мен «Лидер» сұрпын ексе, енді олардың қатарына өзіміздің өңірде дайындалған «Сыр сұлуы» қосылып отыр. Жаңа сұрыпты олар тәжірибе үшін тек 20 гектар алқапқа сеппек.

Биыл «Сәрке батыр» шаруашылығының төрағасы ауысты. Жас болса да осы саланың қыр-сырын меңгерген Ерлан Оңласынов серіктестік тізгінің қолға алысымен туған ауылын көкалдандыруға кірісті. Ақсу ауылының көшелеріне аяқсу жеткізу үшін каналдарды аршуға арнайы техника бөлген. Мұнан бөлек, аталған шаруашылық түрлі мерекелерде ардагерлерге, спорт сүйер жастарға құрмет көрсетіп, демеушілік жасап келеді.

М.ЖАҚЫП

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<