Шиеліде «Наурыз. Қазақстан. Жаңару!» атты мерекелік шара өтті

295

0

Сыр елінде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойлануда. Осы үрдіспен бүгін Шиелі ауданында да қаз қатар киіз үйлер тігіліп, тұрғындар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов арнайы қатысты.

Киіз үйлерде қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлері көрсетілді. Ұлттық спорт сайыстары, қолөнершілер фестивалі өтіп, театрландырылған қойылым қойылды.

Сондай-ақ, шара барысында аудан әкімі мен ел ағалары кішкентай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, алғашқы қадамдарына ақ батасын берді.

Аудан басшысы жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды, жетістіктерді атап өтті.

Мұнан соң меркелік шара өнерпаздардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<