Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында ешкімге айтпаған жан сырын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 40 жыл бұрын анасының басынан өткен оқиғамен бөлісті.
«Осыдан 40 жыл бұрын Шымкент қаласында тұратын бір жігіт жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін жас дәрігерге ғашық болады. Сөз салады, бірақ оның сезімі қайтарымсыз болады. Десек те, жігіт намыстанып, оны алып қашады. Неге екені белгісіз, АХАЖ бөліміне қол ұстасып, ақыры бармайды. Арада қыз дүниеге келеді. Бір рет ұрғаннан кейін әйел әлі бір жасқа толмаған қызын құшақтап, барар жері, басар тауы болмаса да шаңырақтан кетіп қалады. Өйткені оның бастысы білімі, жұмысы бар болатын. Жалғыз, жаяу бастысы сау ортада қызымды қайтсем де аяққа тұрғызамын деп өзіне серт береді және ол өзінің сертінде тұрады. Әлгі қыз ол – мен. Анама шексіз алғысымды білдіремін», – деді тележүргізуші.
Тележүргізуші бұл туралы еш жерде айтпаған.
«Менің ақиқатым… Бұл туралы ешқашан айтпап едім. Бәлкім, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығуымның басты себебі өз тарихымда жатқан шығар», – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<