Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарастыЗК-169/5 мекемесінде теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобы мен мекеме психологтарының ұйымдастыруымен «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында тренинг өтті.
Тренинг барысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанғандары үшін кінәлі деп танылып, сотталғандарға Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша түсірілген Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым- Қожа» атты көркем фильмі көрсетілді. Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындығы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Фильм экранға шыққалы талай жылдар өтсе де, онымен тең келіп, көрерменін дәл солай баураған көркем фильм әлі жоқ деуге болады. Фильмдегі ана мен баланың, әже мен немеренің, ұстаз бен шәкірттің арасындағы ізет пен құрметке құрылған қарым-қатынастар, сотталған азаматтарға оң әсерін тигізер деген оймен ұйымдастырылды. Көркем фильмді көрсетудегі мақсаттың бірі – жазасын өтеушілердің бір сәтке болса да өздерін үй жағдайындағыдай еркін сезінуге мүмкіндік жасау. Фильм соңында әр сотталған балалық шағындағы қызықты оқиғаларын айтып, шер тарқатты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<