Әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғау

580

0

Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының үйлестіру рөлінің нәтижесінде әскери нысандардың және құқық қорғау органдарының басшылығымен конструктивті қарым-қатынастың нығаюынан соң, гарнизондағы жалпы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы заңға сәйкестендірілді.

Әскери қызметшілердің арасында әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу мақсатында, гарнизонның әскери прокуратурасы әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуде.

Осы ретте, Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасы 2022 жылдың өткен кезеңінде заңдылықты қадағалау жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлтық ұланының 5547 әскери бөлімінің жалпы 281 әскери қызметшінің құқықтарын қорғады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабына сай, еліміздің азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.

«Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау Қағидаларының» 50-тармағына сәйкес, ағымдағы тұрғын үй төлемдері әскери қызмет өткеру орны бойынша ағымдағы айда өткен ай үшін ақшалай ризық төлеумен бір уақытта жүргізіледі. Желтоқсанда ағымдағы ай үшін тұрғын үй төлемдері 25-і күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

Қағиданың 41-тармағы бойынша ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын мемлекеттік мекеме бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Мемлекеттік мекеме тұрғын үй төлемдерін ағымдағы және (немесе) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімдері және есеп-қисаптар бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді.

Алайда, Қағиданың талаптарын бұза отыра, 5547 әскери бөлімінің жауапты лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген міндеттерін тисінше орындамағаны салдарынан 275 әскери қызметшілерге жалпы сомасы 16 773 000 теңге құрайтын ағымдағы тұрғын үй төлемдері бойынша берешек орын алды.

Бұдан бөлек, 6 әскери қызметшіге демалысқа сауықтыруға берілетін жәрдемақы бойынша 3 056 800 теңге берешек анықталды.

Қызылорда гарнизонның әскери прокуратурасымен анықталған бұзушылықтар бойынша 5547 әскери бөліміне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде 281 әскери қызметшінің құқықтары қорғалып, қарыздар толық көлемде төленді.

Әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтары Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының басты назарында, бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасуда және бақылануда.

Р.Снопов,

Қызылорда гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<