Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты өткен жылы 99, жыл басынан бері 54 сот құрылыс сараптамасын жасаған.
Сот-құрылыс сараптамасының жұмыс бағыты күрделі және көп компонентті. Сараптама құрылыс жұмыстары үшінтікелей пайдаланылатын құрылыс механизмдері, сонымен қатар ғимараттарды, құрылыстарды жобалау, құрылысын жүргізу, жөндеу жұмыстарын көрсетеді. Сот-құрылыс сараптамасының екі негізгі түрі бар. Олар: құрылыс-экономикалық және құрылыс-техникалық сараптамалар.
Құрылыс-экономикалық сараптаманың нысаны арнайы ғылыми білімдердің негізінде жүргізілген жұмыстардың нақты құнын, жүргізілген есептемелердіңдұрыстығын, есеп беру іс-құжаттарының жүргізілуін анықтау бойынша деректі мәліметтерді нақтылауымен байланысты. Бұл жағдай тәжірибеде түрлі жағдайлардың анықталуын қажет етеді. Атап айтқанда, құрылыс жобасының экономикалық негіздемесі; жобалардағы техникалық-экономикалық қателіктер; құрылыс материалдары шығындарының экономикалық негіздемесі; коммуникациялардың құрылыс жұмыстарына арналған шығындардың экономикалық негіздемесі. Сараптама барысында құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасындағы өзара есептесулерінің дұрыстығы, нақты орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін анықтау, жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын анықтау, жылжымайтын мүлік объектілерін қайта жабдықтаудың нақты құнын анықтау, су басу, өрт кезіндегі жөндеу жұмыстарының құнын белгілеу де ескеріледі.
Сот-құрылыс сараптамасының мәні құрылыс объектілерін өндіру және жобалау, пайдалану және жөндеу процесін сипаттайтын нақты деректерді зерттеу, сондай-ақ құрылыс-техникалық және жобалау-сметалық құжаттаманы, атап айтқанда:
- техникалық жобалардың бұзылуы мен туындаған салдарлар (құрылыс объектілерінде орындалған жұмыстар мен құрылыс материалдары сапасының төмендігі, авариялар, жазатайым оқиғалар) арасындағы себепті байланыс);
- нақты орындалған құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сипаты мен көлемі және олар үшін есептеудің дұрыстығы;
- белгіленген нормалар мен жобаларға сәйкес құрылыс материалдарын жұмсаудың құны мен көлемі, сондай-ақ қосымша құрылыс материалдарын жұмсаудың асып кетуі және олар үшін есеп айырысудың негізділігі;
- құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапасы, құрылыс материалдары мен бұйымдарын қолдануға жарамдылығы;
- ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде құрылыс нормалары мен ережелерін бұзу қамтиды.
Сарапшының алдына сұрақтарды қою кезінде қате жібермеу үшін тергеушінің құзырына жататын, керісінше сарапшыныңқұзырына жатпайтын сұрақтарды қоймау үшін, сарапшының құзырынантергеушінің құзырын бөліп тұратын шекараны анықтап алған маңызды. Олар сараптаманың нысанымен және сарапшының құзырымен анықталады, басқашаайтқанда құрылыс-техникалық сараптаманың көмегімен шешілуі тиіс жәнешешіле алатын нақты сұрақтар. Құрылыс сот-техникалық сараптаманың алдына қойылуы мүмкін сұрақтардың толық тізімін беруге болмайтынын ескеру қажет. Олар әрбірнақты жағдайда, дәлелденуі тиіс істің мән-жайларымен анықталады.
Сонымен қатар, құрылыста жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың кәсіби дайындығы туралы мәліметтерді ұсыну қажет. Мысалға: зардап шеккен адамда арнайы дайындықтың бар екенін куәландыратын куәлігі. Мәселен, краншы, арқаншы болып жұмыс істеу үшін арналған; жоғарыбиіктікте немесе қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін денсаулығының жағдайы туралы құжаттар және т.б.
Алғашқы мәліметтері бар құжаттар ретінде келесі актілер ұсынылуы тиіс: арнайы ведомстволық тексерудің актісі; жазатайым оқиға туралы акт; сотмедициналық сарапшының қорытындысы; зардап шегуші адам жұмыстыңқауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулықтан өтуі туралы растайтын құжаттары(нұсқаулықтарды есепке алу журналдары); құрылыс нормалары мен ережелерінен (СНиП) және нақты іс бойынша басқа да нормативтік материалдардың, техника қауіпсіздігі ережелерінен, қадағалаушы мекемелердің ұсынымдарынан көшірмелер.
Әділбек Диуанов
Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сот сарапшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<