Қызылордағы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары мектеп аумағынан жаппай шығарылды. Осы жағдайға байланысты Қызылордадағы үлкен көшелердің бірі Сұлтан Бейбарыс көшесі уақытша жабылды.
Қызылорда облысының Полиция департаменті оған былайша түсініктеме берді.
– Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында полицияға түскен хабарлама бойынша тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Бейбарыс көшесінің уақытша жабылғандығын хабарлаймыз, – деді.
Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқушылар мен ұстаздар мектепке кіріп, сабақтарын жалғастыруда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<