Аймақтың негізгі табыс көзі күріш шаруашылығы. Облыс тұрғындарының 60 пайыздан астамы ауылдық елді мекендерде тұратындықтан халықтың басым көпшілігі егіншілікпен айналасатыны белгілі.
Аймақтың табиғи – климаттық және топырақ ерекшеліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке негізделгендіктен, суармалы жерлер – өңірдің негізгі байлығы болып саналады. Осы бағытта «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Суармалы егіншілік – ауыл тұрғындарының табысын арттырудың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстелді партия төрағасының орынбасары Қ. Айтуғанов ашып берді.
Жиын барысында басқарма басшысы М. Құрманбаев аймақтың экологиялық жағдайы мен судың тиімді пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар ауыл тұрғындары үшін суармалы егіншіліктің маңыздылығын алға тартып, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз ойларын ортаға салды.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<