Сыр сақшылары халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

568

0

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері және Қарағанды облысы ПД-ң Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда облысының тұрғыны Қарағандақаласында құрықталды.
Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7,9-тармақтары (бұзақылық ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен өлтіруге оқталған) бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда.
Ұсталған күдікті азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<