Сырдария ауданы үздіктер қатарында

696

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Мемлекет басшысының, Оқу–ағарту министрлігінің, облыс және аудан әкімдігінің тікелей қолдауларының нәтижесінде білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, білім сапасын арттыру, еңбек нарығына сапалы мамандарды даярлау, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту, қауіпсіздік мәселелерімен бірге бала тәрбиесіне қатысты мәселелер лайықты шешімін тауып келеді. Білім саласына 2023 жылға бөлінген қаржы 13,1 млрд теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда (2022 жылы 10,6 млрд теңге бөлінген) 2,5 млрд теңгеге артты. Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілді. 7 мектепке күзет, 7 мектепке турникеттер орнатылды.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша 17 балабақша толығымен инклюзивті кабинеттерімен қамтылып, 10 балабақша арнайы мамандармен (логопед, дефектолог) қамтылды.Мектептерде инновациялық практиканы қолдау және дамыту мақсатында «Бағдарламалау мектебі», «Оқуға құштар мектеп»,«Жасыл мектеп», «Мектеп обсерваториясы», «Кәсіпкерлік мектебі» жобалары жүзеге асырылды.“Жайлы мектеп “ үлттық жобасы аясында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп құрылысы салынатын болды. 2023 жылға жаңа үлгідегі 2 химия кабинеті, 1 физика кабинеті алынды.Мектептерде пәндік, спорттық, шығармашылық бағыттағы үйірмелерге 5171 оқушы қамтылды. 2022 жылы 325 педагог, оның ішінде Педагогикалық шеберлік орталығы арқылы 65 мұғалім, «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығы арқылы 190 мұғалім, аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы арқылы 70 мұғалім біліктілігін арттыру курстарынан өткізілсе, 2023 жылы аудан білім беру мекемелерінен 276 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. 3 пен 6 жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 сыныптағы 3323 оқушының барлығына ыстық тамақ берілуде. Бұл мақсатта 2023 жылы облыстық бюджеттен 419,2 млн. тг. қаржы бөлінді. «Мектепке жол» акциясы аясында мемлекеттік мекемелер, шағын және орта кәсіп иелері, жауапкершілігі шектеулі серіктестер және демеушілер көмегімен балаларға оқуға ең қажетті – мектеп формасы мен оқу құралдары беру үшін 520 балаға 7 249 000 теңгенің көмегі көрсетілді.

2022-2023 жылдың қорытындысы бойынша 177 оқушы облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі бағыттағы байқауларда жүлделі орындар иеленсе,, 37 мұғалім кәсіби байқаулардың жеңімпаздары атанды. 2023 жылғы Президенттік олимпиада қорытындысымен 1 оқушы білім беру бағдарламасы бойынша «Әлихан Бөкейхан» университетіне оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік және «Тұран» университетіне 4 жылдық грант сертификатын жеңіп алды. Жазғы демалыспен 6647 баланың 6381-і немесе оқушылардың 96 пайызы қамтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<