Сырдың зейінді балалары

1107

0

Сыр елінен бір топ оқушы 2021-2022 оқу жылындағы оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХVII республикалық «Зерде» конкурсына қатысты. Осы жылдың 9-11 ақпан аралығында Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өткен жарысқа өңірімізден 18 жобамен 21 оқушы бақ сынады.

Конкурсқа қатысқан 21 оқушының барлығы да өздерінің зерттеу жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, 16 жобамен 18 оқушы жүлделі Гран-При мен І, ІІ ІІІ дәрежелі дипомдармен және 3 оқушы алғыс хатқа ие болды.Атап айтқанда, Жаңақорған ауданы,№163 мектептің 6 сынып оқушысы Нұрділла Бақдәулет Гран-При иегері атанса, ал І дәрежелі дипломмен Қызылорда қаласы, №101 мектептің 3 сынып оқушысы Бақытжан Айрау, №7 мектептің 4 сынып оқушысы Әзірбай Нұрсезім, Жалағаш ауданы, №32 мектептің 7 сынып оқушысы Тұрлыбек Зәулім, Қызылорда қаласы, №143 мектептің 5 сынып оқушысы Ерниязов Досымжан иеленді. Сырдария ауданы, №42 мектептің 4 сынып оқушылары Төлеген Айзере мен Рустамұлы Нұрсұлтан, Қызылорда қаласы, №8 мектеп-интернаттың 6 сынып оқушысы Халилуллаев Әбілмансұр, №145 мектептің 7 сынып оқушысы Кенжебек Нұрсезім, №3 мектептің 7 сынып оқушысы Серік Әділ байқауда жүлделі екінші орынды иемденді. Ал ІІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда қаласы, №43 мектептің 2 сынып оқушысы Мадрай Айсұлтан, №217 мектептің 3 сынып оқушысы Кадирова Медина, №138 А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 4 сынып оқушысы Хамит Мағжан, №101 мектептің 4 сынып оқушысы Әбдіқадыров Дәулет, Сырдария ауданы, №137 мектептің 3 сынып оқушысы Құдайберген Іңкәр мен Бердібек Жанниет, Шиелі ауданы, №49 мектептің 7 сынып оқушысы Тұрсын Нартай марапатталды. Сонымен қатар шығармашылық байқауға белсенді қатысып, өз жобаларымен көзге түскен Қызылорда қаласы, №23 мектептің 5 сынып оқушылары Келесбай Аян және Шиелі ауданы, №47 мектептің 4 сынып оқушысы Нәлібаев Әділет арнайы грамоталарға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<