Тағы бір елде TikTok бұғатталады

51

0

Фото: depositphotos.com / rafapress

Албанияда келер жылдан бастап TikTok қолданылмайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Тиісті заңды қабылдаған ел билігі әлеуметтік желінің балалардың тәртібі мен психикасына кері әсері барын алға тартады.

Бұл шешімді шығару өткен айда мектепте болған тәртіпсіздіктен кейін қолға алынды. Естеріңізге сала кетейік, TikTok арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске айналған.

Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған. Осыдан кейін жергілікті билік TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісі бұғатталатыны белгілі болды. Бұл ақпаратты Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі растады.

Бұған дейін Қырғызстанның интернет-провайдерлеріне байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметінен ел аумағында TikTok-қа кіруді шектеу және 18 сәуірге дейін жазбаша жауап беру туралы хат түскен.

Министрлік бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хатының негізінде қабылданғанын түсіндірді.

«Шешім шығаруға TikTok тарапынан «Балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» ҚР заңын сақтамау негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған», – делінген хабарламада.

Қырғызстан Мәдениет министрлігі былтыр тамызда да TikTok-ты бұғаттау туралы өтініш жолдаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<