Тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

327

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тапсырмалардың орындалу барысы талқыланған мәжіліс өтті.

Жиынға қала, аудан әкімдері, басқарма, департамент басшылары қатысты.

Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарындағы негізгі міндеттерге тоқталды. Берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын саралады. Қолға алынған  жобалардың  жауапкершілігі бірінші басшыдан сұралатынын ескертті.

Сонымен қатар, жиында жылу маусымын кедергісіз өткізу,  әсіресе, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды  үздіксіз жылумен қамтамасыз ету міндеттелді.

Көгалдандыруға, абаттандыруға, тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге қатысты да тапсырмалар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<