ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ

566

0

Биыл аудан халқы үшін айтулы жыл. Ашаршылық құрсауында қалған Поволжье тұрғындарына көмек қолын созып, 14 вагон балық жөнелткен бабаларымыздың қайырымды ісіне 100 жыл толып отыр.

Бұл жомарт халқымыздың қайырымдылығын паш еткен тарихи оқиға болды. 1921 жылы сол кездегі Халық Комиссарлар Советінің Председателі аралдықтардан көмек сұрап хат жазған болатын. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған балықшылар қауымы бір кісідей атсалысып, миллиондаған халықты аман сақтауға күш салды.

Тарихи оқиғаның 100 жылдығы аясында Арал қаласында Орталық алаңдағы үндеу хат орналасқан ескерткіш тақтаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қайта жаңғыртылып жатқан тарихи ескерткіш басында болып, жұмыс барысын бақылады. Құрылыс жұмыстарына куә болған аудан басшысы ескерткіштің тарихи маңызына тоқталып, ата-бабаларымыздың ерен ерлігін дәріптейтін оқиғаны жас ұрпаққа ұдайы насихаттау қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<