Теолог мамандарға арналған семинар-тренинг

553

0

4-5 наурыз күндері Қызылорда облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту мен бейімдеудің теологиялық және психологиялық әдістері» тақырыбында теолог мамандарға арналған семинар-тренинг өтті.

Семинардың мақсаты – өңірлердегі теолог мамандардың біліктілігін арттыру және практикалық тұрғыда тәжірибелерін жетілдіру. Осы тұрғыда Ғылыми-стратегиялық зерттеу орталығының директоры, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Жарас Ахан «Адамның болмысы мұқтаж танымдар: Ақпараттық түсіндіру жұмысына жаңаша мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, ой өрбітті.

Жұма күнгі жүздесуде дәріскер, Алматы облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы-психолог маманы, Қанат Мүтебаевтың дін психологиясы төңірегінде айтары көп болды. Ол ұлттық құндылықтарға ерекше мән бере отырып, мәдениет пен тазалықты ұстанып, жастарды әлеуметтік желідегі жалған ақпараттардан аулақ ұстау қажеттілігін жеткізді.

Екі күнге жоспарланған мазмұнды шарада өңірдің теолог мамандары республикалық ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің кеңестерін тыңдап, тың тақырыптарды талқыға салды, қажетті ақпараттарға қанықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<