Теория мен практика ұштасқан дөңгелек үстел

687

0

Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел теория және практика бөлімінен тұрды.

Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Ш.Е.Амитов шара мақсаты жастарды патриоттық – отансүйгіштік сезімін нығайтуға, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақыл-қайрат жұмсап, Отанының тағдыры үшін жауапкершілік сезімінің қалыптастыру екенін түсіндірді.

Теория бөлімінде облыстық Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы Н. Жамал-ад-Дин, облыстық Полиция департаментінің Жедел-криминалистика басқармасының бастығы Ә.И. Маштаев, облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші А.Ж. Маншарипов баяндамалар жасады. Шара барысында болашақ заңгерлерге қылмысты әшкерелеу және оны тергеудің әдістері мен тәсілдері дәйектелді. Қылмысты тергейтін ғылым болып саналатын криминалистиканың ерекшеліктері баяндалды.

Практика бөлімінде облыстық Полиция департаментінің Анықтау басқармасының бастығы Н.Жамал-ад-Дин, облыстық Полиция департаментінің жедел-криминалистика басқармасының аға криминалисті  А.И.Райханов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 99-бабына сәйкес орын алған оқиғаны тергеу және қылмысты ашу үшін қолданылуы мүмкін тәсілдерді тәжірибе түрінде көрсетті.

Дөңгелек үстелді заң ғылымдарының кандидаты, облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ш.Е. Амитов жүргізді.

«Болашақ» ҒЗИ

Әлеуметтік-экономикалық және

саяси зерттеулер орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<