Төреғали Төреәліге қылмыстық іс қозғалды

414

0

Әкімшілік қамауға алынған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, МАӘС шешімімен 20 тәулікке қамауға алынған азамат әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр.

Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелген.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<