Тұман, көктайғақ, бұрқасын: елдің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

434

0

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынып, елдің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің болжамынша, 7 қаңтарда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Шығыстан соғатын оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. 7 қаңтарда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 7 қаңтарда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. 7 қаңтарда Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында 23 м/с. Шымкент қ.: 07 қаңтарда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ сақталады.

7 қаңтарда Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

7 қаңтарда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с.

7 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<