Қаладағы №271 орта мектепте №347 және №358 сайлау учаскілері жұмыс істеуде.
№347 сайлау учаскесі өз жұмысын еліміздің Ән ұранын шырқаумен бастады. Таңнан бері 600 адам келіп өз таңдауын жасаған.
— Аймақтағы тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Ерте келіп өз таңдауларын жасауда. Жастар да, зейнеткерлер де Ата заңға өзгеріс енгенін қалайды. Арнайы ақпарат тақтасын ілдік. Онда қандай бапқа өзгеріс енетіні туралы толық жазылған, —дейді сайлау учаскесінің төрағасы Данабек Абдраймов.
№358 учаскеде талапқа сай таңдау жасаушыларды қабылдауда. Бұл нысанға түске дейін 600 адам келіп таңдау жасаған.
— Қандай өзгеріс еніп жатыр деп сұраған бір-екі адам болды. Біз ақпарат тақтасынан танысуды сұрадық. Азаматтық парызым деп ерте келіп таңдау жасауда. Осындай белсенділікпен қатысса кешке жетпей аяқтауға болады, — дейді төрағасы Шара Рахметова.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<