Үш адамды 2 млн теңгеге тақырға отырғызған

394

0

Қызылорда қаласының тұрғыны 2019-2020 жылдары өзінің  жерлестерінен «көп-қабатты үйлерден пәтер алып беремін», «пайызсыз несие алып беремін», «жұмысқа орналастырып беремін», «үйдің құжаттарын рәсімдеп беремін» деген түрлі желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы 2 200 000 теңге көлемінде ақшаларын алған.  Алаяқтың арбауына облыстың 3 тұрғыны түсіп үлгерген.

Тұрғындардан түскен арыздар негізінде Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 47 жастағы азаматша  құрықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады. 

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<