Үш ауылдық округ әкімдері сайланды

430

0

Фото автордан

Кеше Қармақшы ауданында Жосалы, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Дауыс беру күні 4 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Сайлау науқанына 9 кандидат бақ сынады. Олардың басым бөлігі сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсті.

Таң сәріден бері учаскелерге келген азаматтар өздері қалаған кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда.

Әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады. Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Сайлаудың ашықтығын бақылау үшін аккредиттеуден өткен байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары бақылауда.

Жосалыда 211 азамат дауыс беруге қатысты. Ауылдық округ әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Жалғасбай Владимир Жақсылықұлы Қармақшы ауданы, Жосалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жалғасбай Владимир Жақсылықұлы 1972 жылы туған, Төребай би ауылында  тұрады, «AMANAT»  партиясы арқылы ұсынылған.

Иіркөлде 169 азамат дауыс беруге қатысты. Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Төлегенов Жағыпар Асанұлы Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Төлегенов Жағыпар Асанұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, Иіркөл ауылында тұрады, «AMANAT»  партиясы арқылы ұсынылған.

Қармақшы ауылдық округте 473 адам дауыс беруге қатысты. Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен Есқараев Аязбек Тайжанұлы Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Есқараев Аязбек Тайжанұлы 1978 жылы туған, Қармақшы ауылында тұрады, сайлауда өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Фото автордан

Фото автордан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<