Үш жақты ынтымақтастық жетістікке жеткізеді

360

0

Фото: 264 мектеп-лицей

Өскелең жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде білім беру жүйесінің негізгі буыны саналатын мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының рөлі зор. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы арқылы оқушы тәрбиесінде зор нәтижеге жетуге болады. Ата-ана мен мектеп бірлігінің ынтымақтастығын үздіксіз жүргізу мақсатында мектебімізде барлық 1-10 сыныптар аралығында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының барысында төмендегідей мәселелер қаралды: 🔖Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу 🔖 Балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыруға байланысты кеңестер 🔖Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, ерте жүктілік мәселесін болдырмау 🔖Зиянды әдеттерден аулақ болу

(Буллинг, лудомания, кибербуллинг, нашақорлық пен электронды темекі және интернеттің зияндылығы)
🔖 ІІ оқу тоқсан қорытындысы, балалардың білім сапасы
🔖 «ДосболLIKE» науқаны туралы насихаттау
🔖Ағымдағы мәселелер
Күн тәртібіндегі 1️⃣ мәселе бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның заңға қайшы әрбір әрекетіне ата-ана жауапты екендігі түсіндірілді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 132, 200, 434, 435, 437, 442, 610, 612, 620 баптары толықтай түсіндірілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 124, 187, 188, 190, 191, 293 баптары бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның заңға қайшы әрбір әрекетіне ата-ана жауапты екендігі ұғындырылды.
Күн тәртібіндегі 2️⃣ мәселе бойынша балалардың өмірге қызығушылықтарын арттыруға байланысты ата-аналарға балаларымен ұдайы дұрыс байланыс орнатуға қатысты кеңес берілді. Баланы мимикасы, ым-ишарасы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, даусы арқылы түсіну қажеттігі түсіндірілді. Баланы түсінген кезде оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын дұрыс түсінуге болатындығы ұғындырылды.
Күн тәртібіндегі 3️⃣ мәселе бойынша оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ата-аналарға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оқушылар арасында психикалық және физикалық тұрғыдан қысым жасалмау қажеттігі түсіндірілді.
Жасөспірімдер арасында ерте жүктілікті болдырмау, репродуктивті денсаулықтың мәні ұғындырылды.
Күн тәртібіндегі 4️⃣ мәселе бойынша ата-аналарға буллингтің, лудомания, кибербуллинг, нашақорлық пен электронды темекінің зияндылығына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Күн тәртібіндегі 5️⃣ мәселе бойынша балалардың білім сапасы мен ІІ оқу тоқсаны бойынша қорытынды жүргізілді. Қорытынды барысында қоғамдық жұмыстарда белсенді, ерекше көзге түскен оқушылардың ата-аналарына Алғыс білдірілді.
Күн тәртібіндегі 5️⃣ мәселе бойынша ата-аналарға «ДосболLIKE» науқанының басталғаны жөнінде түсіндірілді. Науқан аясында достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеу қажеттігі ата-аналар тарапынан балаларға түсіндірілудің маңыздылығы талқыланды.
Ата-аналар жиналысының барысында оқушылардың мектепте білімге деген зейінінің тұрақты болуында үйден ата-ананың қадағалауының маңызы зор екендігі түсіндірілді.
Оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, ұстаз бен ата-ананың байланысын нығайту мақсатында тренингтер мен кофе-брейктер ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналардың пікірлері тыңдалып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын назардан тыс қалдырмау қажеттігі ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<