28 СӘУІР – ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ
Кәсіподақ ұйымының басты бағыты – өңіріміздегі білім қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Бүгінге дейін әделеттілік жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде, білім беру ұйымдарында жүргізілген қоғамдық қабылдаулар арқылы даулы жағдайларды сотқа дейін жеткізбеу жолында жұмыстар жасалынды. Құқықтық көмек нәтижесінде 2021 жылға дұрыс есептелінбеген қаржы көлемі 14495927 теңгені құрады. Барлық қаражат сала қызметкерлерінің пайдасына қайта өндіріліп берілді.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстары бойынша еңбекті қорғау жағдайына ішкі бақылау тиімділігін жасау мен арттыру, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылығын анықтау мақсатында білім беру ұйымдарының техникалық инспекторларымен бірлескен жұмыс жолға қойылған. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар бойынша кәсіби байқауларда біздің өңір республикада үздіктердің алғашқы қатарында.
Биылда, Салалық кәсіподақтың Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында өткізген «Еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауының қорытындысымен:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары арасында «Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК техникалық инспекторы Асанов Нұртуган Шымырбекұлы І орын, 250000 т сертификат иеленді. Білім саласындағы табанды еңбегі еленген замандасымызды құттықтаймыз!
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<