Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, вакцина салдырған соң белгілі бір ережелерді сақтаған дұрыс.
Вакцина салдырған соң 3 күн ішінде моншаға түсуге, алкогольдік ішімдік ішуге, күн сәулесінің астында қыздырынуға болмайтын көрінеді.
Өйткені вакцинаның әсері төмендеуі мүмкін. Оның үстіне, вакцинаның І компонентін алған соң шетелге шықсаңыз, ауырып қалу ықтималдылығы жоғары. Екінші компонентті салдырған соң Т-хелперлер иммунитетті толық бекітеді. Одан соң адамда толық иммунитет қалыптасады, – дейді Гүлзат Аманбайқызы.
Сондай-ақ вакцинаның ІІ компонентін алған соң да адамдар көп шоғырланатын ортаға бармай, сақтануға кеңес беріп отыр. Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың бәрін сақтап, маска тағып, күтініп жүрген абзал. Дәрігер сонымен қатар коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін салдырған соң 100% ауырмаймын деген де қате пікір деп отыр. Сол үшін ІІ компонентті де салдырып, 40 күн бойы күтіну қажет дейді.
Дәрігер ауру ағымын бақылауда ұстау үшін күнделікті талдау жасалынатынын алға тартты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<