Қазіргі таңда институтта инклюзивті білім беру бойынша мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен №2 Облыстық балалар оңалту орталығы арасындағыынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында институт директоры Бауыржан Елеусінов пен оңалту орталығының директоры Қарлығаш Билалова арнайы құжатқа қол қойды. Орталық педагогтеріне әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.
Кездесу барысында оңалту орталығымен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта білікті мамандардың басшылығымен орталық педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу жоспарланды.
Аталған Меморандум «Өрлеу» облыс бойынша филиалы мен №2 Облыстық балалар оңалту орталығының арасындағы табысты, бірлескен жұмыстардың бастамасы болатынына сенім білдіреміз.
Айгүл Қозбахова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<