Заң бар жерде тәртіп бар

37

0

Фото: облыстық ПД

Елімізде Ұлттық құрылтай төртінші мәрте өтуде. Бұл билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға сеп болуда.

 Осыған дейін өткен құрылтайларда мемлекетіміз үшін маңызды мәселелер көтеріліп, өз шешімін тапты. Мәселен былтыр Атырауда өткен жиын  нәтижесінде 10 заң жобасына бастамашылық жасалып, 9 заң қабылданды. Биылғы құрылтайда да Президент нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспарды әзірлеуге қазірден бастап кірісу керектігін баса айтты. 

– Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспардың мерзімі биыл бітеді. Бұл құжат 2023 жылы әзірленген. Мұндай жоспар елімізге қажет екені анық. Өйткені осы қауіпті кеселге қарсы күрес – өте маңызды мәселенің бірі. Жаңа құжатты дайындауға қазірден бастап кірісу керек. Биыл балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, өзіне-өзі қол салудың алдын алу туралы жоспардың мерзімі де аяқталады. Біз әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Егер кешенді жоспар қабылданса бұл қоғамда жат нәрселердің салдарын алдын алуға, құқық бұзушылықты төмендетуге үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Жалпы құрылтайда қабылданған шешімдер мен ұсыныстар еліміздің дамуы үшін маңызды болмақ.

Ердәулет ЖАУКЕЕВ,

облыстық полиция департаменті,

жергілікті полиция қызметі

басқармасының бастығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<