Зардап шеккендермен пікірлесті

650

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында болып, террорлық акті кезінде зардап шеккен азаматтармен әңгімелесті.

Президент жараланғандардың хал-жағдайларын сұрап, олар­дың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, сондай-ақ дәрігерлермен сөйлесті. Күштік құрылымдардың зардап шеккен барлық қызметкеріне көмек көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен азаматтардың бәріне дер кезінде жан-жақты меди­циналық көмек көрсетілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<