2023 жылғы 21 маусымда сағат 18:45-те Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы Айтуаров көшесі №2/1тұрғын үй жанып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.
Аталған шақырту бойынша Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде ауданы 128 метр болатын тұрғын үйдің 78 бөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны белгілі болды.
Газ түтінінен қорғау буынына қосылған өрт сөндірушілер тыныс алуға жарамсыз бөлме ішінде ес-түссіз жатқан 38 жастағы азаматты құтқарып қауіпсіз жерге алып шықты, жедел жәрдем оқиға орнына жеткенше №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Тәуекелов Ербол алғашқы медициналық көмек көрсетті. Тілсіз жау 19:51 минутта толық жойылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуды. Ал жедел жәрдем қызметіне табысталған 38 жастағы үй иесі дәрігерлердің қарауында, жағдайы ауыр, денесін 75 пайыз күйік шалған.
Қызылорда облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» ММ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<