Фото: pexels.com
Жаңа жыл қарсаңында республиканың перзентханаларында 191 сәби, 101 ұл және 90 қыз дүниеге келді. Бұл туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.
Ведомство мәліметінше, мереке түнінде туған нәрестелер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады – 38 бала, екінші орында – Шымкент қаласында 23 бала дүниеге келді және Алматыда 22 отбасында қуаныш болды.
Республика астанасында Жаңа жыл қарсаңында 10 бала дүниеге келді.
Еске салайық, 2023 жылдың аяғында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Осыған байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасап, халқымызды құттықтаған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<