Қызылорда облыстық Мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төраға орынбасары Гүлнар Есқалиева Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжі ұжымымен жүздесті.
Кездесу барысында Гүлнар Есқалиева өңіріміздегі білім қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік жағдайларының тұрақтылығын қамтамасыз ету барысындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті. Өз сөзінде: «Бүгінге дейін әделеттілік жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде, білім беру ұйымдарында жүргізілген қоғамдық қабылдаулар арқылы даулы жағдайларды сотқа дейін жеткізбеу жолында жұмыстар жасалынды. Құқықтық көмек нәтижесінде білім саласы қызметкерлерінің 2021 жылға дұрыс есептелінбеген қаржы көлемі 14495927 теңгені құрап. Барлық қаражат сала қызметкерлерінің пайдасына қайта өндіріліп берілді» – деді.
Әрі қарай еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстары бойынша еңбекті қорғау жағдайына ішкі бақылау тиімділігін жасау мен арттыру, өндірістік жарақаттың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылығын анықтау мақсатында білім беру ұйымдарының техникалық инспекторларымен бірлескен жұмыс жолға қойылғандығын айтып, еңбекте жоғары нәтижеге жетіп жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында өткізілген «Еңбекті қорғау жөніндегі Үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауының қорытындысымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары арасында:» жүлделі І орын алған ұжым қызметкері Асанов Нұртуган Шымырбекұлы құттықтап, арнайы Диплом мен 250000теңге сертификатын табыс етті.
«Сыр бойы» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<