Жастар да аға басылымға жазылады

772

0

Өңірдің 90 жылдан астам тарихының куәгері – «Сыр бойы» газетінің жастар арасында да оқырманы көп. Қазір дүние дидары өзгерді, технологияның заманы туды. Бірақ адам баласына қашан да ақпарат алмасу маңызды.

 Бүгінде ақпарат алудың жолы сан алуан, интернет иірімін түсінгенге түк те қиыны жоқ. Бірақ сенімдісі, оқиғаны зерттеп барып тұрғындарға ұсынатыны санаулы. «Сыр бойы» газетін алты Алаштың анасына баланған аймақтың күн сайынғы жаңалығын жеткізген, мәселелерді сараптан өткізіп, дерек пен дәйекті шынайы ұсынатын ата басылым санаймын.

Жастар қашан да аға буынға, ел ағаларына қарап бой түзейді. Сөзінен тәлім, ісінен өнеге алады. «Сыр бойы» газеті – ел, аймақтың бас­ты жаңалығынан өзге, алдыңғы толқын аға буынның игі істерін, көзқарасын жеткізуші халықтың үні.

Сырбойылық жастардың осы кезге дейінгі жұмысы, пандемия кезіндегі еңбегі газет арқылы оқырманға жол тартты. Тындырымды тірлік тілшілер назарынан тыс қалған емес. Айта кету керек, бүгінгі буын баспасөздің артықшылығын, маңыздылығын түсінеді. Қағазға түскен, тасқа басылған тарих ғасырдан ғасырға жетеді. Биыл да жазылу науқанында көптеген жас «Сыр бо­йын» таңдай бастады. Келер жылы жағымды жаңалық көп болсын!

Бауыржан МАСТЕКОВ,

облыстық жастар ресурстық орталығының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<