Жастар сыйлығы беріледі

896

0

  1. Жалпы ережелер

«Сыр үміті» жастар сыйлығы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуына, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына үлес қосып жүрген жастарды көтермелеу мақсатында тағайындалады.

Cондай-ақ, жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашуүшін арнайы бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

2. Сыйлықты тағайындау тәртібі

  1. Облыстың 14 пен 29 жас аралығындағы жастары қатыса алады.
  2. Сыйлық келесі бағыттар бойынша тағайындалады:
  3. өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
  4. әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
  5. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
  6. жекебасыныңжетістіктері;
  7. ерлігі үшін;
  8. аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
  9. Сыйлық иелерін анықтау және сыйлықтарды тағайындау комиссия (бұдан әрі – Комиссия)шешімімен жүзеге асырылады. Комиссия құрамы облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан, жастар ұйымдарының мүшелерінен, қоғам белсенділері мен жергілікті БАҚ өкілдерінен, сондай-ақ, сала мамандарынан қалыптастырылады.
  10. Сыйлыққа үміткерлерді іріктеуде ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды.
  11. «Сыр үміті» сыйлығының иегерлеріне (15 жасқа)арнайы бағалы сыйлықтар мен дипломдар, сертификаттар тағайындалады және бірадамға екі мәрте, сонымен қатар, осы уақытқа дейін аталған сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді.
  12. Сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылғы қазан айының
    ІІІ онкүндігінде өткізіледі.
  13. Конкурстық комиссияға жолданған материалдар қайтарылып берілмейді.
  14. Конкурстың жұмысшы органы – «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
  15. Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық тұлғаларға танысу үшін ұсынылады және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланады. 

3. Өткізу кезеңдері

Сыйлық иегерлерін анықтау 3 кезең бойынша ұйымдастырылады:

  • Бірінші кезең:құжаттарды қабылдау, үміткерлерді тіркеу(портфолио мен бейнероликті қабылдау уақыты 2022 жылғы 18 қазан, caғат 19.00-ге дейін);
  • Екінші кезең: Жастар сыйлығының жеңімпаздарын анықтау(үміткер комиссия мүшелері алдында бейнеролигі арқылы өз жетістіктерін таныстырады. Комиссия тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді);
  • Үшінші кезең: Жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау;

Жастар сыйлығына үміткерлер төменде көрсетілген құжаттарды
2022 жылдың 18 қазанға дейін «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
(Қызылорда қаласы, Сол жағалау
15 А)
тапсыруы қажет:

– жеке куәлігі (көшірмесі);

– орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);

– өмірбаяны (қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған, 3×4 фотосуретімен);

– «Мен Сырдың үмітін қалай ақтаймын?»(Осы кезге дейінгі еңбегі және алдағы жоспарлары туралы)тақырыбында өзсаласының үздігі екенін дәлелдейтін
3 минуттық сапалы бейнематериал (әр үміткер қазақ/орыс ерікті өз тілінде жұмыс/оқу орнында түсірілген бейнематериал дайындайды және ұсынылатын бейне материал бұрын жарияланбаған болуы керек, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға косқан үлесі, жүзеге асырған жобалары бойынша ақпарат қамтылуы тиіс (клип, вайн, ролик, арнайы репортажжәне т.б. еркін форматта).

Құжаттар бекітіліп, беттеліп портфолио түрінде ұсынылуы қажет.

4. Жастар сыйлығының номинациялары

«Сыр үміті» жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойыншаберіледі:

(қосымша 5 номинацияны Комиссия мүшелері анықтайды)

1«Еңбек адамы»(өндірістер мен өнеркәсіптегі, шаруа қожалықтарындағы жұмысшы жастар, жас кәсіпкерлер және т.б.)  
2«Білім» және «Ғылым» (олимпиада, интелектуалды сайыс, ғылыми жоба жеңімпаздары, пән мұғалімдері)  
3«Қоғамдық қызмет»(қоғамдық жұмыс белсенділері, еріктілер)  
4«Мәдениет»(ақын, жазушы және археология, өнер, театр, кино, музыка саласының үздіктері)  
5«Медицина» (ауыр ота жасап адам өмірін сақтап қалуда ерлік танытқан мамандар, сала бойынша үздік жас мамандар және т.б.)  
6«Мемлекеттік қызмет»(мемлекеттік қызмет көрсету саласының үздігі)  
7«Құқық қорғау» және «Әскери қызмет»(қылмыстың алдын алуда,адам өмірін сақтап қалуда және т.б. төтенше жағдайларда ерлік танытқан мамандар)  
8«Спорт»(республикалық, әлемдік додаларда жеткен жетістіктері бар спортшылар, жаттықтырушылар)  
9«Журналистика» (телеарна, интернет-сайт, газет-журнал тілшілері)  
10«IT»(ақпараттық технология саласының үздіктері)  

Қосымша ақпараттарды

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Байланыс телефоны: + 7 707 -114-72-03

                                        + 7 747- 334-74-08

Электронды пошта: syrumiti2022

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<