Қызылордалық полицейлер шығармашылық байқау өткізді. Есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау мен психикалық белсенді заттарды тұтынудың алдын алу бойынша жұмысты күшейту мен салауатты өмір сүруге ынталандыруға негізделген алдын алу жұмыстарын іске асыру мақсатында, Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наркология орталығының емделушілері арасында «Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін» тақырыбында шығарма жазу байқауын ұйымдастырды. Байқауға 12 пациент қатысты. Қатысушылар өз шығармаларында өмірлік қателіктері туралы жазған, «эйфорияның тұңғиығына» түскен кезде қандай әсерде болғанын және ұқыпсыз әрекеттердің соңы қандай қайғыға әкеп соқтырғанын көрсеткен.Емделушілер өз шығармаларында балалық шақтары бақытты болғанын, кейбіреулері бір кездері отбасын құрып, балаларын тәрбиелеп, күйбелең өмір сүргенін көрсеткен. Көбісі жоғары, орта арнайы оқу орындарын бітіріп, бір кездері әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Алайда, әр түрлі жағдайларға байланысты «әлсіздік» білдіріп, алкогольді асыра пайдаланып, есірткі қабылдай бастаған.Барлығы бұрынғы кемпірқосақ секілді өмірі туралы, маскүнемдік пен есірткі жоқ өмірі туралы, анасы қамқор болған және баласына ең жақсысын беруге тырысқан әкесі туралы жазғандығын айта кету керек. Ешкім өзінің қазіргі өмірін сипаттаған жоқ, тек бірнеше сөзбен шектелген: қараңғы, тұңғиық, болашақ жоқ, бірақ мен тырысамын делінген. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі жалғыз, бірақ өз отбасыларында тұратындар да бар. Соңғылары өз шығармаларында негізінен балаларының, немерелерінің жетістіктері туралы жазған.Қатысушылар өз жазбаларында есірткі мен алкогольдің зиянды әсеріне дейін олардың өмірі қаншалықты керемет болғанын енді ғана түсінгендерін жазды. Олар бұл күндерді бұдан былай қайтаруға болмайтынына өкінеді. Бір қатысушы шығармасын сценарий түрінде көрсетіп, барлық кейіпкерлер мен оқиғалар автордың өмірінен алынғанын және оны «Скорпион өмірінің батуы» деп атаған. Қайғылы оқиға естеліктерден тұрады, олар: медициналық мекемелер мен оңалтуларға байланысты өтіп кеткен өмірі және перзентіне деген үлкен махаббаты мен аңсауы жайлы. Ал соңында: «барлығын басынан бастаймын» – деген қорытындыға келген.
Сайысқа қатысушылар сыйлық және дипломдармен марапатталды.
Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<