Жауынгерлердің құрметіне ескерткіш ашылды

280

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Ауған соғысы, Семей ядролық сынақ полигоны мен Чернобыль апатына қатысушыларға және Тәжік-Ауған шекарасында ерлік көрсеткен сарбаздарға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.

Іс-шарада аудан басшысы жауынгерлердің ерліктері ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.

– «Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деп Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ел үшін ерлік көрсеткен батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Бейбіт өмір үшін құрбан болған жауынгерлерге басымызды иеміз. Бүгін аудан орталығында Ауған соғысы, Семей ядролық полигоны, Чернобыль апаты мен Тәжік-Ауған соғысына қатысушылардың құрметіне және олардың ерліктерін ұмытпау үшін арнайы ескерткіш ашылып отыр. Өз өмірлеріне қауіп төнсе де, келешек үшін күрескен жандардың ерлігі мәңгі ұмытылмайды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ескерткіштің ашылуында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев және «Ауған соғысы ардагерлері» ұйымының төрағасы Жұмаділда Нарымбетов сөз сөйлеп, Отан алдындағы парызына адал болған жауынгерлердің жарқын бейнелері ұрпақ жадында жаңғыра беретінін жеткізді.

Іс-шара барысында батырлар рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынып, гүл шоқтары қойылды.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<