Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің ұйымдастыруымен сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі бойынша, ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының төрағалығымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелеріндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі мен топтарымен 2023 жылдың 12 айымен атқарылған жұмыстары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №142-Ө ҚБП өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының тапсырмасын орындау туралы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес жыл сайынғы ақылы демалыстардың берілуі жөнінде қаралды.
Көрсетілген іс-шараға, Қызылорда облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасын бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы, 5547 әскери бөлімінің командирі подполковник Бастамиев Ерген Ерденұлы, Қызылорда облысы бойынша бақылау жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Досымов Болат Бекайдарұлы, Қызылорда облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Ауелхан Жанболат Ауелханович,РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы директорыКенжебеков Саруар Бегалдинұлы, №37, №60, №68 мекемелерінің бастықтары, мекеме бастықтарының орынбасарлары және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімше, топтарының аға инспекторлары қатысты.
Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелеріне шағын орта кәсіпкерлік өкілдерін тарта отырып жұмыс орындарын ашу, жазасын өтеуші сотталғандарды толыққанды жұмыспен қамту. Сотталғандарды жұмыспен қамтудағы басты міндет-сот үкімі негізінде жеке тұлғаға және мемлекет пайдасына келтірілген шығындарын өтеу.
Мөлдір Жолдасбекқызы,
ҚАЖД №68 мекемесінің БАҚ-пен
байланыс жөніндегі іс-жүргізушісі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<