Жергілікті өнімге сұраныс жоғары

686

0

Көктем келіп, дала жұмыстары қызған шақта маңдайын күнге қақтап, еңбектің көрігін қыздырып жүрген диқандар қауымының жай-күйін сұрау мақсатында Айдарлы ауылына аудан әкімі М.Ергешбаев арнайы барды.
Мұнда қолға кетпен ұстап, ауыл іргесіндегі жердің игілігін көреміз деген ниетпен 2019 жылы ауыл жастарынан «Жастар Бригадасы» құрылып, бүгінгі таңда тындырымды тірлік етуде.
Жастар бригадасы қатарына 10 жас біріккен. 10 жастың артында 10 жанұя бар деген сөз. Бұл – 10 жанұяны асырап отырған үлгілі жастар.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев азық-түлік қорын көбейту және сырттан алатын өнімдерге деген тәуелділікті азайту үшін әр аудан, қаладағы ауылдарда егін егуге арнайы жер дайындауды және бақша дақылдарын егуді тапсырған еді. Бұл жұмыстар аудан бойынша жүргізілуде. Негізі картопқа сұраныс өте жоғары. Облыс тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру үшін жүздеген, мыңдаған тонна картоп керек. Өнім жергілікті жерден болса жаппай сұранысқа және баға тұрақтылығына да оң әсерін тигізеді. Былтырдың өзінде Сырдариялық картоппен аудан тұрғындарын 100 пайыз, қала тұрғындарына ішінара 70 пайыз қамтылған. Сондықтан ендігі кезекте қала тұрғындарын толықтай 100 пайыз өніммен қамтамасыз етуге жұмыс жасауымыз керек, – деді аудан басшысы.
Жалпы, Айдарлы ауылы бойынша бақшалық өнімге 10 гектар жер көлемі дайындалып, бүгінгі күнге оның 5 гектарына картоп, 5 гектарына бақшылық өнімдер. Негізгі басымдық картоп дақылына берілуде. Жас бағбандар өнімін Қызылорда қаласына апарып өткізеді және егіс басынан алып кететіндер де бар, күзде қалада өткізілетін жәрмеңкеге апарып өткізеді.

Жергілікті өнімге сұраныс жоғары, ешқандай химиялық қоспасыз таза өнімдерді жеткізіп береміз. Қызылорда өңірі бойынша «Айдарлының қауыны» деген кіші брендіміз бар,-дейді Айдарлы жастар бригадасының бригадирі Жүсіпов Зейнолла.
Айта кету керек, биыл облыстық бюджеттен Айдарлы ауылының еңбеккерлеріне су тапшылығын болдырмау үшін «СНП-500/10» су насосы алынған еді. Ауыл жастарының ендігі сұрауы насосқа дейінгі келетін су деңгейін түсірмей жеткізу болып отыр. Бұл өтініш бойынша аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы «Ақтам» каналының Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 3,7 км тазаланғанын, ендігі кезекте қалған 3,7 км каналдың құжаттарын реттеп, тазалауға тағыда ұсыныс беруді ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауыл әкімдігіне тапсырды. Ала жаздай шаруалардың еңбегі еш кетпеуін, суды жеткізудің барлық мүмкіндіктерін қарастыруды жүктеді.
Жастардың ұмтылысы мен еңбек сүйгіштіктеріне риза болған аудан әкімі ауыл жастарын жаңдарына топтастыру қажеттігін айтып, жастарға сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<