Желілік полиция бөлімінде рәміздер күні аталып өтілді

757

0

1992 жылдың 4 маусымда еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Ту мен Елтаңба қабылданды. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді насихаттау, азаматтардың елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәуелсіздік белгілеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде жеке құрамға мемлекеттік рәміздердің тарихы туралы айтылып, Қазақстан Республикасының Туы көтеріліп, жеке құрам Мемлекеттік Әнұранды шырқады.

Желілік полиция бөлімінде рәміздер күні аталып өтілді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<