Жол апатынан алты адам қаза тапты

456

0

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 22 ақпан күні шамамен сағат 15.00-де Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 км жерде болды.

«Тойота Королла» мен «Лада Приора» автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан оқиға орнында алты адам көз жұмды. Бір адам түрлі жарақатпен Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс аясында көліктік және трассологиялық сараптама тағайындалды, соның қорытындысына сәйкес заңды шешім қабылданады.

Жыл басынан бері облыста 29 жол-көлік оқиғасынан 14 адам мерт болып, 61 адам жарақат алды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<