Жүйедегі интеграциялық жұмыстар

409

0

ҚР  Индустрия  және инфрақұрылымдық даму министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде лицензиялар беру және аккредиттеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіруде. Ол үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек шарттары бойынша «төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің  еңбек шарттарын есепке алу және қызметкерлердің бейіндерін жүргізу модулін интеграциялық жұмысы жүргізілді. 

Осыған байланысты 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап өтініш беру және мәліметтер нысандарын толтыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алу және аккредиттеу үшін аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлер және (немесе) сарапшылар бойынша ақпарат еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен автоматты түрде алынатын болады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушылар жасалған еңбек шарттары бойынша ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті (жаңа еңбек шарттары-5 жұмыс күніне дейін, еңбек шартына өзгерістер-15 күнтізбелік күнге дейін).

Электрондық еңбек шарттарын жасасу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет (enbek.kz, 1414).

И.Тұрасылова,

Облыстық бақылау жөніндегі

басқармасының бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<