Жүрек ауруларын емдеуге жаңа технологиялар қолданылуда

421

0

Дәл қазір көп бейінді облыстық ауруханада медициналық ұйымдардың кардиолог дәрігерлерінің қатысуымен «Радиожиілік абляцияларының, Криоабляцияларының және электрокардиостимуляторлардың, имплантацияланатын кардиовертер-дефибрилляторлардың және жүрек қайта синхрондау терапиясы құрылғыларының ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбында дәріс өтіп жатыр. Оған аймақтағы барлық емдеу мекемелерінің кардиологтары мен көп бейінді облыстық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жаныл Исақызы қатысты.
Іс-шара «ҚР қанайналым жүйесі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру» жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасын орындау мақсатында ұйымдастырылған.

Дәрісте көп бейінді облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Берік Даутбаев, кардиология №2 бөлімшесінің меңгерушісі Нұрболат Лепесов «Аритмологиядағы заманауи технологиялар, мәселелер мен шешімдер» тақырыбында өз тәжірибесін ортаға салды.
А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО АҚ-ның рентгенохирургия, интервенциялық кардиология және аритмология бөлімінің басшысы Әділ Баимбетов «Радиожиілікті абляцияның ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыптарында біліктіліктерімен бөлісті. Сондай-ақ №7 қалалық клиникалық ауруханасының интервенциялық аритмологі Қанат Ергешов «Эффективность и принципы программирования устройств ЭКС, ИКД и сердечной ресинхронизирующей терапии (CRT-P и CRT-D)» атты дәріс өтті.

– Баршамызға белгілі жүрек ырғағының бұзылысы – өмір сапасының төмендеуіне, мүгедектікке, жіті өлімге, денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық жағынан артық шығынға әкелетін патология.
Жүрек ырғағы бұзылысының формалары әртүрлі асқынуларға әкеледі. Алайда біздің мамандарымыз
2009 жылдан бастап Көп бейінді облыстық ауруханада ЭКС имплантациясы, 2013 жылдан бастап кардиовертер-дефибриллятор және СРТ-Д имплантацияларын жасап жүр. Сол уақыттардан бері біздің білікті дәрігерлер 1000 ға жуық имплантация жасады. Ишемиялық инсульттың 30%, тромбоэмболияның 5% себебі – жыбыр аритмиясы. облыста созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ), жүрек ырғақ бұзылысы диагнозымен науқастар санының көбеюіне және оларға оперативті ем қажеттілігіне және ишемиялық инсульттың алдын алуға байланысты сапалы медициналық қызмет көрсетіліп келеді. СЖЖ мен жүрек ырғақ бұзылысымен Д есепте халық санына есептегенде 30 мыңға жуық науқас, оның 3 мыңға жуығы электрофизиологиялық зерттеу (ЭФИ), радио жиілікті аблация (РЧА), криоаблация оталарын қажет етеді, – деді көп бейінді облыстық аурухананың кардиология №2 бөлімшесінің меңгерушісі Нұрболат Мылтықбайұлы.

Екі жыл бұрын мұндай диагнозбен науқастар Республикалық орталықтарға жолданатын. 2020 жылы мамыр айынан бастап Көп бейінді облыстық ауруханаға Электрофизиологиялық зерттеу станциясы (ЭФИ РЧА) алынып, іске қосылды. Жүрек ауруларын емдеуге жыл сайын жаңа технологиялар енгізілуде. 2021 жылы Криоконсоль аппараты іске қосылды. Осы уақытқа дейін ЭФИ РЧА, криобаллонды аблация-200 ге жуық отасы жасалынған.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<