Журналистер заң жобасын талқылады

518

0

Бүгін «Сыр медиа» серіктестігінде «Масс Медиа» туралы заң және журналистиканың болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға облысқа белгілі ардагер журналистер мен жас тілшілер қатысып, алдағы уақытта қабылданғалы жатқан заң жобасын талқылады.

«Масс Медиа» туралы заң жобасы ашық ресурстарда жарияланған күннен бастап түрлі деңгейде кәсіби ортада талқыланып келеді. Ұсынылып отырған заң жобасындағы өзгерістер, БАҚ-тарды қаржыландырудың механизмдері, журналистердің құқығын қорғаудың жаңа жолдары жайында аймақ журналистері өз көзқарастарын жеткізді.

Мәселен, журналистерге баспасөз картасын беру, мәртебесін айқындаумен қатар, өзге де түйткілді жайттар сөз болды. Сала мамандарының айтылған пікірі алдағы уақытта заң жобасын құрастырушыларға ұсыныс ретінде жолданатын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<