200 отбасы облыс әкімінің «Ауызашар қоржынын» алды

1047

0

Қасиетті Қадір түні қарсаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың атынан 200 отбасыға арналған «Ауызашар қоржыны» таратылды.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен бастау алған «Жүрек жылуы» республикалық акциясы аясында Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына аймақ басшысы да осылайша үлес қосты.

ҚМДБ-ның өкіл имамы Болатбек Әбуов бастаған қала мешіттерінің қызметкерлері мен ерікті жамағаттары тұрғындарға облыс әкімінің ізгі лебізі мен мерекелік қоржындарын жеткізді.

Берекелі ай басталғалы акция аясында облыс бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1600 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.

ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<