2019 жыл: Президент сайлауы өтті

607

0

2019 жылы еліміздегі ең негізгі ­саяси оқиға – Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Прези­дент ретіндегі өкілеттігін тоқ­татуы. Қазақстандағы билік сабақ­­­­тастығы конституциялық тұр­­ғы­дан реттеліп, Президент өкілет­­тігі Сенат төрағасына берілді. Президенттің міндетін атқарушы ретінде сол тұста Сенат төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаев келді.
Арада көп өтпей Мемлекет ­басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рес­пуб­ликалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдап, 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін ­жария етті. Шешімді қабылдарда ­Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып, Парламенттің қос ­палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңескенін, Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгінгенін мәлімдеді.
Халықтың басым бөлігінің ­дауысына ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Биылғы жылдың айтулы жаңалықтарының қатарына, сондай-ақ, Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін де жатқызуға болады. 23 нау­рызда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы – ­Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
Тарих игілігіне айналатын жылда Қызылорда облысын 6 жылдан астам  басқарған Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президенті Әкім­шілігінің басшысы, кейін ҚР Мемлекеттік Хатшысы  қызметіне ­ауысты.
Қ.Көшербаев облысқа басшылық жасаған жылдары аймақта өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, оның ішінде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамыды. «Байқоңыр» инвестициялық форумдары өткізіліп, облысқа тар­тылған инвестиция көлемі еселеп артты. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы бойынша Сыр өңірі респуб­ликада алдыңғы қатарға шықты. Қызылордалық түлектер Ресейдің  техникалық жоғары оқу орындарына түсіп, жас мамандардың алғашқы легі мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек етуде.
Қызылорда облысының әкімі болып Қуанышбек Ысқақов тағайындалды. Қуанышбек Досмайылұлы қызметіне кіріскен сәтте бұрынғы атқарылған игілікті істердің сабақтастығы жалға­сатынын мәлімдеді. Облыста жыл жақсы жетістіктермен айшықталып, алдағы уақыт міндеттері де жан-жақты пысықталуда.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<