4 пайыздық автонесие алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін

637

0

Сурет: ашық дереккөз

4 пайызбен автокредит алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Автокредит бойынша екі мәселе бар. Біріншіден, біз айттық, әр айда қайтарылған ақша есебінен қосымша тағы автонесие береміз. Бірақ айына шамамен бір миллиард теңге қайтарылып отыр. Бұл 100 машинаға жетеді.

Ал енді осы уақытқа дейін револьверлік жүйе бойынша 4 миллиард теңгедей ақша қайтарылды. Ол, ең көп дегенде, шамамен 400 машинаға жетеді. Револьверлік жүйеден 500-ден астам көлікке жететін, яғни 5 млрд теңгедей ақша қайтарылғанда ғана тағы жариялаймыз деп отырмыз», – деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, ол автонесие жүйесін қайта қарау жоспарланып отырғанын айтты.

«Бірнеше мәселе бар. Біріншісі, автокредит алған адамдардың аты-жөнін жариялау. Бағдарламаға өзгеріс енгізіліп жатыр.
Екіншісі, осы уақытқа дейін көлікке бастапқы жарна төлеу қажет емес еді. Оны қайтарамыз ба деп отырмыз. Яғни, 10 пайызға дейін бастапқы ақша төлеу механизмін енгізу қарастырылуда», – деді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<