Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

669

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қарттар күніне орай мерекелік іс-шараға қатысып, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерді құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» деген болатын. Саналы ғұмырында адал қызмет атқарып, ел мүддесін бәрінен биік қойған алдыңғы буын аға-апаларымыздың жүріп өткен жолы, қалтқысыз еңбегі бізге үлгі. Сіздер арамызда ақылшы, кеңесші болып, Тәуелсіз елімізді дамытудағы іргелі істерді бірлесе атқаратынымызға сеніміміз мол. Бүкіл елдің сөзін сөйлеп, намысын қорғап, дау-дамайын шешіп, арғы-бергі тарихтан әңгіме қозғап, тұла бойына ұлттық рух, ізгі қасиеттерді молынан сіңірген абыз атана беріңіздер», – деді аймақ басшысы.

Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

Мерекелік кеште ел азаматтары Жақай Бодықбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанова сөз сөйлеп, замандастарына бақ-береке тіледі. Мұнан бөлек, аудан ардагерлері өкілдерінің атынан Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Әйімбетов, Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, ақын, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының құрметті азаматы Махмұтбай Әмреев, Шиелі ауданының құрметті азаматы Сұлтанбек Оразымбетов ізгі тілектерін арнады.

Аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

Салтанатты іс-шара мерекелік дастархан мен көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.

Бүгінде аймағымызда 82 мыңнан астам зейнеткер бар. Оларды әлеуметтік қолдау әрдайым басты назарда, 2 мыңнан астам егде жастағы адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Жыл сайын ардагерлерді қолдауға облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржы бөлініп келеді. Жеңістің 78 жылдығына 2 400 Ұлы Отан соғысы және тыл ардагеріне 332 млн. теңге бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<